Алматы көшелерін кезген қарсақ ақыры ұсталды
Бірақ мекенінен адасқан жыртқышты қақпанға түсіру біраз қиындық туғызған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
24.02.2017
Руслан Бадирдинов, жануарларды қорғаушы:
- Жыртқышты ұстау оңай болған жоқ. Қолымды тістеп, біраз қарсылық білдірді. Әрі мына жер қоқысқа толы. Ол бұрыш-бұрышқа тығылып бақты.
Медеу ауданындағы кеңселердің бірінде алаңсыз жүрген аңды маңайдағылар 2 апта бұрын байқаған. Сөйтіп, жануар қорғаушыларға хабар берген екен. Ал құтқарушылар қарсақты бұған дейін де ұстауға тырысқан. Бірақ жабайы аң қулығын асырып, қашып кете берді. Тек үшінші жолы ғана қолға түсті. Адасқан қарсақ алысқа ұзай қоймапты. Сол маңайдағы тұрғын үйлерді торуылдап жүр екен. Кішкентай жыртқышты әрең ұстаған мамандар оны қайда апарарын білмей біраз ойналып, ақыры табиғатқа жіберді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!