Ким Чен Намның өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Малайзияда қастандықпен өлтірілген Ким Чен Намның ағзасынан адамның жүйке жүйесін тұралатып тастайтын улы зат табылды. Жергілікті полицияның мәліметінше, мұндай улы зат жаппай қырып-қоятын химиялық қаруды жасауға пайдаланылады екен.
Автор: Диас Нұрақын
24.02.2017
Оны иіскеген адам айналасы 15 минуттың ішінде тіл тартпай кетеді. Сондықтан, бүкіл әлемде әскери мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынған. Қазір құзырлы органдар мұндай қауіпті заттың Малайзияға қайдан әкелінгенін тексеріп жатыр. Ким Чен Ынның ағасына 14-ші ақпан күні қастандық жасалған. Оны Куала-Лумпур әуежайында белгісіз біреулер улап кетті. Ким Чен Нам Солтүстік Кореяның қайтқан басшысы Ким Чен Ирдің некесіз әйелден туған баласы. Басында әкесінің ізбасары да осы болады делінген. Алайда, түрлі себептермен елден қуылып, Макаода тұрып келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!