Сирияда жойқын жарылыс 48 адамның өмірін жалмады
Лаңкестік шабуыл бұл жолы әл-Баб қаласында, адам аяғы көп жүретін жерде болды.
Автор: Диас Нұрақын
24.02.2017
Шахид белдігін байлаған жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Сол мезетте көшеде көп адам болғандықтан, зардап шеккендер де жетіп артылады. Сирияның солтүстік-батысындағы әл-Бабта кескілескен ұрыстар бірнеше айдан бері жалғасып жатыр. Мұнда Түркия әскерінің қолдауымен жергілікті сарбаздар «Ислам мемлекеті» ұйымының содырларына қарсы соғысуда. Астанадағы бейбіт келіссөздерге қатысып жүрген қарулы оппозиция қазір қаланың шеткі аудандарын бақылауға алып, орталыққа біртіндеп жылжып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!