{metadescription}
Ғаламтор арқылы несие рәсімдеуге көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған келіншек ұсталды
Ғаламтор арқылы несие рәсімдеуге көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған келіншек ұсталды

Ғаламтор арқылы несие рәсімдеуге көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған келіншек ұсталды

Қызылордалық әйелге тәртіп сақшылары Алматыда кісен салып, өзі өмірі көрмеген Петропавлдағы тергеу қапасынан бір-ақ шығарды. Ұсталған келіншек ғаламторға банктерден арзан несие ресімдеп беремін,  айлығыңыз жетпесе кепіл бола аламын деген хабарландыру беріпті. Құрығына ілінгендерге өзінің бұл қызметі үшін ақыны КИВИ әмиянға салуын сұраған. Ақша шотқа түсісімен, телефонын өшіріп тастап, ізім-ғайым жоғалыпты. Осылайша, тек Қызылжарда үш адамның 73 мың теңгесін алдап алған. Өзге облыстардағы жәбірленушілерді қазір тергеушілер анықтап жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде