Мәскеуде қазақстандық екі азамат жұмбақ жағдайда қаза тапты
34 және 20 жастағы марқұмдардың денесі көше бойында қаңтарылып тұрған «Газельдің» ішінен табылған.
Автор: Диас Нұрақын
24.02.2017
Бірақ қос азаматтың денесінде ешқандай да зорлық-зомбылық белгілері байқалмапты. Сондықтан полиция қызметкерлері олар уланып өлді деген болжам айтуда. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек марқұмдар қоймадан зат алуға келген. Алайда көлікте кезек күтіп отырған сәтте жұмбақ жағдайда мерт болған. Қазір Ресейдің тергеу комитеті осы оқиғаға қатысты сараптама жүргізіп жатыр. Өлген екі тұрғында құжат болмаған екен. Сондықтан, еліміздің Сыртқы істер министрлігі, марқұмдардың Қазақстан азаматы ма, жоқ па, нақты айта алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!