{metadescription}
Дариға Назарбаева делдалдармен күресті күшейтуді талап етті
Дариға Назарбаева делдалдармен күресті күшейтуді талап етті

Дариға Назарбаева делдалдармен күресті күшейтуді талап етті

Дариға Назарбаева Ұлттық экономика министрлігінен еліміздегі қымбатшылықты дереу тоқтатуды талап етті. Депутат,  әсіресе, тұрғындар жиі тұтынатын азық-түлік пен дәрі-дәрмектің құнына қатаң қадағалау орнату керек деп отыр. 

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Ауыл шаруашылығына субсидиялар бөлініп, жеңілдік жасалғанымен отандық азық-түлік бағасының арзандайтын түрі жоқ.  Керісінше, күн сайын қымбаттауда. Фармацевтика саласында да дәл осындай жағдай. Меніңше, делдалдармен күресті күшейтетін уақыт келді.

Яғни, елімізде өндірілген тауардың бағасы бірнеше есеге арзан болуы керек дейді депутат. Сондықтан, Назарбаева Ұлттық экономика министрлігіне азық-түлік құнын бақылап, арадағы делдалдарға жазаны қатаңдатуды  ұсынды. Бағаны қолдан көтергендер жазалануы тиіс. Сондай-ақ, сенатор экспорттың да көлемі бір орында тұрғанын айтып сынады. Қазақстанның   сыртқа сататын тауар тізімі көбеймеген. Ал экспортты ұлғайту - еліміздің  басты экономикалық жоспарларының бірі болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде