Алматыда 7 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші қорыққанынан қашып кеткенін айтты
Алматыда кішкентай қызды қағып өлтіріп, артынша ізім-ғайым жоғалған көлік жүргізушісі болған жайтқа марқұм жеткіншектің өзін кінәлап, ақталуда. Айтуынша, оқушы қыз анасының тоқта дегеніне қарамай, жолдың келесі бетіне жүгіріп өтпек болған.
Автор: Ербол Тұрымбет
24.02.2017
Содан тоқтай алмай, бар жылдамдықпен соқтым дейді Кеңшілік Қалиев. Ал оңбай жараланған жеткіншекті көлігіне салып, ауруханаға апара жатқанда жолай тағы бір көлікке соқтығысқан. Сөйтіп, кішкентай Айнар мен анасын басқа көлікке отырғызып жіберіпті. Бірақ, артынан хәл сұрай баруға дәтім бармай, сасқалақтап көлікті де тығып қойдып деп ақталып отыр жүргізуші. Қайғылы жағдай сәрсенбі күні кешке болған. 1-ші сынып оқушысы Айнар Дәулеткелді анасымен бірге жолдан өтпек болғанда көлік астына түскен. Ауыр соққыдан 7 жасар қыз ауруханаға жетпей көз жұмды. Ал 44 жастағы жүргізуші қазір тергеушілерге жауап беріп жатыр.
Кеңшілік Қалиев, жүргізуші:
-Ауруханаға апаруға қорықтым шыны керек. Нөмірімді көріп қалған шығар деп. Негізі қашу ойымда жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!