Шымкентте суицид жасамақ болған адамды көршілері құтқарып қалды
Шымкентте өз-өзіне пышақ сұғып өлмек болған жігітті көршілері жалынып жүріп, әзер дегенде райынан қайтарды. Жұрт осылай оның ақылға келуін өтініп сұрап тұрғанда, оқиға орнына келген полицейлердің бейқамдығы елдің ашуын тудырды.
Автор: Бек Әбиев
24.02.2017
Пышағымен қолын кескілеп тастаған азаматтың екі білегінен де қан сорғалап тұрғаны әлеуметтік желіде тараған мына видеода анық көрініп тұр. Ал бір қолын қалтасына салып, жайбарақат телефонмен сөйлесіп тұрған полицей жанкешті пышақты тастаған соң ғана оған жақындады. Тіпті үсті-басы лас азаматқа жақындауға жиіркеніп тұрғанын да байқауға болады. Полицейдің қылығы жұрттың түсінбестігін туғызды. Бірақ Ішкі Істер департаменті бұл жайтқа қатысты әзірге ештеңе айтпай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!