{metadescription}
 Ескірген су бөгетіне байланысты Астана іргесіндегі ауылда төтенше жағдай жарияланды
 Ескірген су бөгетіне байланысты Астана іргесіндегі ауылда төтенше жағдай жарияланды

Ескірген су бөгетіне байланысты Астана іргесіндегі ауылда төтенше жағдай жарияланды

Астанадан 20 шақырым жердегі Жібек жолы ауылын топан су басып қалуы мүмкін. Себебі, әбден ескірген плотина қар ерігенде қысымға шыдамай кез-келген сәтте жарылуы ықтимал. Сондықтан Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланып, бөгет күні-түні бақылауға алынды. Ал, тасқыннан қорыққан жұрт қазірден көшіп жатыр.

-Жібек жолы ауылының жұртын дүрліктірген дамбы осы. Әбден тозығы жетіп, шлюзы да жөнді ашылып жабылудан қалған. Егер күн күрт жылынып, тасыған өзен арнасынан асатын болса, бөгет шыдас бермеуі мүмкін.

Сондықтан 16 мың тұрғыны бар елді-мекенді қызыл су шайып кетуі қауіпі бар. Оның үстіне бөгеттің салынғанына жарты ғасырдан асқан екен. Сол үшін тұтас Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды. Ал, қараша халық үйімізді топан су баса ма деп жандарын шүберекке түйіп отыр. Тіпті, бірнеше отбасы қазірден көшіп үлгерген.

Орал Әбілдин, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

-Мына жердегі дамбы жай топырақ қой. Судың күші көп одан. Бір итерсе кетеді ғой. Дамбаны қоршау керек.

Десе де ауыл әкімі алаңдауға негіз жоқ деп сендіруде. Айтуынша, плотина кез-келген тасқынға төтеп береді дейді. Тек, тозған бөгетке күрделі жөндеу жасау үшін, төтенше жағдай жариялауға тура келген. Енді аудан әкімдігінен 5 миллион теңге бөлініпті. Сол қаржы қызыл судан қорғануға жұмсалмақ.

Қайрат Ахмадияров, Жібек жолы ауылының әкімі:

-Халықты ескерттік. Бәрі біледі.  Дамбының қысымын алу үшін қосымша су ағызамыз.Құбыр  қоямыз.

Десе де жаман айтпай жақсы жоқ. Топан су үйлерді басып жатса, қауіпсіз орындар да дайындалған. Оның үстіне күні түні өзеннің деңгейін қадалағап, 50 тонна топырақ толы қап әзірленіпті. Бірақ шенеуніктердің бәріне дайынбыз деген сөзіне жұрт сеніңкіремейді. Сондықтан, олар көктемді үреймен күтіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде