{metadescription}
Тұңғыш президент қоры жастарды ғылымға бету бұруға кеңес берді
Тұңғыш президент қоры жастарды ғылымға бету бұруға кеңес берді

Тұңғыш президент қоры жастарды ғылымға бету бұруға кеңес берді

Тұңғыш президент қорындағылар қазақ жастарын ғылым және шығармашылықпен айналысуға шақырды. Ол үшін мектеп оқушылары мен студенттерге түрлі гранттар, стипендия мен сыйақы ұсынып, қызығушылықты арттырмақ.  Қор дарынды жастар үшін 80 инновациялық жоба дайындапты. Ал оларды іске асыру Қарағанды облысынан басталады.

Бірінші болып осы өңірдің таңдалуы бекер емес. Себебі, Қарағанды облысында 11 университет, 526 мектеп пен 71 колледж бар. Осында оқитын мыңдаған білімгердің ішінен ең мықтылары мен дарындылары таңдалып алынбақ. Жобаны насихаттау жұмысына аталған гранттарды осыған дейін жеңіп алып, шетелде оқып келген жастар да қатысуда. Шетелдік оқу орнына қиындықсыз түсу үшін еліміздегі білім сапасы жақсы болуы тиіс. Сол мақсатта қор атынан музыкалық мектепке 3 миллион теңгеге аспаптар сыйға тартылды. Бұл жоба өзге өңірлерде де жалғасын табады.

Қанат Жұмабаев, Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры:

Адами капитал сапасын жақсарту мақсатында президент қоры жергілікті әкімдіктер мен ЖОО-мен бірлесіп, талантты жастарды қолдау мақсатында әртүрлі жобаларды іске асырмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде