Алматы тұрғыны дәрігерлерді жазаға тартқыза алмай жүр
Алматыда жол апатынан жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған қыздың әкесі дәрігерлерді жазаға тартқыза алмай жүр. 4 жарым жыл бұрын болған апатта медициналық көмек дер көзінде көрсетілмейді дейді ол.
Автор: Олжас Байжан
27.02.2017
2012 жылдың 24 қыркүйегіндегі оқыс оқиға бойынша тергеу басталмай жатып аяқталған болатын. Себебі, кінәлі көлік жүргізушісі сол жерде қаза тапқан. Көлік ішінде Ішкі істер министрлігі академиясының курсанттары болғанын айта кетейік. Ал олар соққан басқа машинада Фархат Агишевтің қызы мен жұбайы отырыпты. Оңбай жараланғандар ауруханаға жеткізілгенімен, 22 жастағы Диляра тілге келместен кеткен. Мұны дәрігерлердің тікелей қателігі деген әкесі, сол түні кезекшілікте болған Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының үш қызметкері жауапқа тартылсын деп талап етіп отыр.
Фархат Агишев, марқұмның әкесі:
-4 жылға созылған тергеу мен 5 ай бойы қалалық сотта қаралған іс бойынша біржақты шешім қабылданбады. Түрлі әрекеттер арқылы істі жабудың амалдары жасалды. Менің бар қалайтыным – адамға көмек көрсетпеген дәрігерлер енді емдеу ісіне араласпауы керек және тиісті жазасын алсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!