Павлодарда үш жұмысшысы жарылыстан қаза тапқан мұнай-химия зауытының басшылары сотталды
Кәсіпорынның полипропилен қоймасында болған апатқа кінәлі деп танылған қос азаматтың бостандығы үш жылға дейін шектелсе, тағы біреуі ендігі үш жылын қоныс колониясында өтеуі тиіс.
Автор: Әйгерім Шакаманова
27.02.2017
Сондай-ақ, марқұмдардың туыстарына 800 мың теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттеліп отыр. Негізі, бастапқыда апатқа 11адам кінәлі делінгенімен, ақыр аяғында солардың үшеуі ғана заң алдында жауап берді. Олар – кәсіпорынның өндіріс бөлімінің басшысы Берік Құсанов, ауысым басшысы Сергей Чичмаренко және зауыт директорының міндетін атқарушы Олег Тимошов. Тергеу кезінде анықталғанындай, апат болардан екі күн бұрын полипропилен қоймасындағы құрылғылардың бірі істен шыққан. Естеріңізге салсақ, былтыр қаңтар айында мұнай-химия зауытында болған апат үш адамның өмірін жалмаған. Полипропилен қоймасында тұтанған от 150 шаршы аумақты шарпыған болатын. Ал үкімнің тым жеңіл екенін айтқан үш отбасы енді апелляциялық шағым жазамыз деп отыр.
Мәнзила Ысқақова, марқұм Қуаныш Ысқақовтың анасы:
- Артымызда өзі жалғыз-ақ ұл еді қалғаны, соның өзінен де айырылып қалдық. Соның қайғысын көтеру өте қиын боп отыр. Қазір денсаулықтан да айырылдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!