Шымкентте қоқыс жанынан табылған шақалақтың анасы іздестірілуде
Ол сәбиін көшеде тұрған қоқыс жәшігі мен банкоматтың ортасында босанып, тура сол жерге қалдырып кеткен.
Автор: Бек Әбиев
27.02.2017
Полицейлер көкек ананы табуға сол маңдағы бейнебақылау камерасы сеп болады деген сенімде. Айта кетейік, қып-қызыл ұйыған қанның ортасында жатқан кішкентай қызды сол маңдағы жекеменшік медициналық орталықтың дәрігерлері тауыпты. Жедел жәрдем шақыртқан олар өздері уақытша көмек көрсетіп, жылыға орап қойған. 2 келі 700 грамм боп туылған шақалақтың хәлі өте ауыр, - дейді дәрігерлер.
Жамалбек Үсенханов, анестезиолог:
- Қарасам, терезенің түбінде нәресте жатыр екен, жаңа туылған. Мен тез келдім, нәресте мұз боп қалған, денесі суып кеткен, жаңбырдың астында, бұрышта, судың ортасында жатқан жерден көтеріп алдым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!