Тұңғышбай Жаманқұлов сот алдында жауап бере бастады
Фильм түсіруге бюджеттен ақша алып, оны бас пайдасына жаратты деп айыпталған атақты актер бүгінгі отырысқа жақындарын түгел ертіп әкеліпті.
Автор: Диас Нұрақын
27.02.2017
Ал айыпталушы орындығында Жаманқұловтан бөлек фильм режиссері мен тағы оншақты адам бар. 69 миллион теңгені кімнің, қайда жібергенін енді әрқайсысы сотқа жеке түсіндіріп жатыр. Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отырғанын айта кетейік. Бүгінгі отырыста адвокат режиссерді де кепілақымен босатуды сұрады. Қорғаушының бұл талап-арызына қатысты шешім ертең шығады. Басында ақшаны жегенін мойындамай, кейін кешірім сұрап, қаржының да бір бөлігін қайтарған Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі журналистерді көргісі келіп отырған жоқ.
Бақытгүл Қадырбекова, Т. Жаманқұловтың адвокаты:
- Көп мәліметті дұрыс жеткізбей жатыр. Сондықтан біз қарсы болдық. Ауыздан шыққан мәлімет дұрыс жеткізілуі керек халыққа.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!