Әблязов жұрттың зейнетақыға деп жиған ақшасын да жеген
Мұхтар Әблязов ұрлаған миллиардтардың бір бөлігі - жұрттың зейнетақыға деп жиған ақшасы! Қашқын банкир мен оның сыбайластарына қатысты тергеуді аяқтаған Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро осындай мәлімет таратты. Жалпы, 8 жылға жуық уақыт жүрген тергеу барысында қылмыстық іс 2 мың 224 томға арқау болған.
Автор: Жәудір Оразхан
27.02.2017
-Тергеу барысында Мұхтар Әблязовтің тұрғындардың зейнетақы қорындағы және жұрттың жеке шотындағы жиған ақшасын, шетелдік инвесторлардың қыруар қаржысын қолды қылғаны анықталды. Ал БТА банкке келген бар шығынды мемлекет өз есебінен жапты.
Сондай-ақ, Әблязовқа қылтыстық топ құрды және БТА банкіндегі жұрттың ақшасын заңсыз пайдаланды, жалған құжат жасады деген де айыптар тағылған. Сөйтіп, қашқын банкир қолды қылған 7 жарым миллиард долларды оффшорлық компанияларына салып, шетелдерден активтер мен құнды қағаздар сатып алыпты. Бұл іс бойныша күдіктілердің қатарында БТА банкте Әблязовтің қарамағында істеген 3 топ-менеджер бар. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Әблязовты ақпан айында баспасөз арқылы екі рет тергеуге шақырғанын да айта кетейік. Бірақ, олигарх оны елеген де жоқ. Былтыр француз түрмесінен босап шыққан ол, қазір сол елде тұрып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!