Назарбаев пен Путин Алатау бөктерінде оңаша кеңесті
Жексенбіде Шымбұлақта шаңғы тепкен президенттер бүгін ресми кездесу өткізіп, екі жақты байланысты талқылады.
Автор: Ербол Сейілхан
27.02.2017
Бұл жолғы кездесу әдеттегідей Ақордада емес, президенттің Алматыдағы резиденциясында өтті. Қазақстан мен Ресей басшылары ушыққан әлемдік геосаяси жағдайды сөз етіп, халықаралық саясатта бірге әрекет етуге уағдаласты. Осы жерде Путин әріптесіне Сирияға қатысты келіссөздер өткізгені үшін алғыс айта келе, екі мемлекеттің алыс-берісін ұмытпауды да еске салды. Өйткені, мыңдаған біріккен кәсіпорындар мен келісімдерге қарамастан, сауда-саттықтың көлемі азайып кеткен.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
- Сауда саттықтың төмендегенін байқап отырмыз. Бұны сізбен талқыладық. Бұл әрине әлемдік нарықтағы экспорттық өнімдерімізге бағаның түсуі себеп.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Сізге айтқым келгені біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Сіздің алдыңызда делегациялар кездесті, бәрін сөйлесті, келісті. Достық қатынаспен шешті. Осылай алға жылжи беретін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары