{metadescription}
0:000:00
Шығыста апатқа ұшыраған тікұшақ атақты Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты

Шығыста апатқа ұшыраған тікұшақ атақты Тұрлыхановтар отбасына тиесілі болып шықты

Көлік полициясы Шығыс Қазақстанда тікқұшақтың құлауына не себеп болғанын анықтап жатыр. Әзірге қауіпсіздік ережелері сақталмады деген бап бойынша іс қозғалған. SA-341 әуе көлігі сенбі күні апатқа ұшырғанын айта кетейік. Үржардан ұшып шыққан жеңіл тікұшақпен кешкі 18:30 шамасында байланыс үзілген. Қирандылары тек ертеңіне Аягөзден 60 шақырым жерден табылды.

Ғалиасқаров Асқар, Бас көлік прокуратурасының өкілі:

-Іздеу жұмыстарының нәтижесінде табылды. Ұшқыш Петр Устинов көз жұмды. Іішіндегі жалғыз жолаушы дін аман. Ол, Аягөз қаласының ауруханасына жеткізілді. Алған жарақаттары жеңіл болғандықтан өз еркімен үйіне босатылды. 

Аман қалған жолаушыны тікұшақ тиесілі компанияның іздеу тобы жексенбі күні тауып, ауруханаға жеткізіпті. Ол Аягөз аудандық мәслихатының депутаты, жергілікті жанармай қоймасының басшысы Айтқали Ақбаев деген ақпарат бар. Ал, ұшқыш Петр Устинов сол жерде қаза тапқан. Оның денесі бүгін Аягөз қаласына жөнелтілді. Ауғанстанда әскери борышын өтеген ұшқыштың артында әйелі мен екі қызы қалды. Марқұм Устинов 2013 жылы да осындай тікұшақты апатты жағдайда қондырып, 4 туристі аман алып қалған болатын. Ал бұл жолы құлаған тікұшақ Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі – Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болып шықты.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде