Назарбаев қайта Нобель сыйлығына ұсынылды
Нұрсұлтан Назарбаев биыл да Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл жолы бастаманы Базельдегі Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе көтеріп отыр. Қазақстан президентінің 22 жыл бойы ядролық қарудан бас тарту және әлемде бейбітшілік орнату бағытындағы бастамалары шетелдік ғалымның осындай ұсыныс жасауына түрткі болыпты. Сондай-ақ, Алин Варе екінші бір қазақстандық – «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті де Нобель сыйлығына лайық деп санайды екен.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.02.2017
-Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітшілік саласындағы беделді сыйлыққа лайық санағандар бір Алин Варе ғана емес. Бұған дейін Елбасының халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтудағы ерен еңбегін бағалап жапон депутаттары, АҚШ конгресмені, Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды беделді тұлғалар мен ұйымдар ұсынған болатын.
Назарбаевты тағы бір мәрте үміткер ретінде ұсынған швейцариялық ғылыми институт Елбасының бейбітшілік саласындағы ірі бастамаларын атап өткен. Семей ядролық сынақ полигонын жабу, саны жөнінен әлемде үшінші орында тұрған атом бомбаларынан бас тарту, БҰҰ арқылы халықаралық Ядролық сынақтарға қарсылық күнін жариялау және осы бағытта көптеген халықаралық жиындар өткізу Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынуға негізгі себеп деп атапты.
-Иногда я говорю что сцепляюсь за жизнь зубами. Это так и есть. Но я не считаю себя героем. Это уж точно.
Шетелдік ғалымдар екінші бір Қазақстан азаматы – Кәріпбек Күйіковті де осы сыйлыққа лайық санап отыр. Ядролық сынақтың зардабын тартқан ол тумысынан қолы жоқ. Алайда тағдыр сынағына мойымаған қайсар азамат қазір бүкіл әлемге үлгі болып отыр. Ол қиын әдіспен сурет салып қана қоймай, жойқын қару қолдануға қарсы халықаралық «Атом» жобасының құрметті елшісі.
Кәріпбек Күйіков:
-Сол кездері аналардың көбі балаларын тығып өсірген. Ұялып, қайғы жұтқан осындай аналардың зары жүрегіме қатты батады. Ал мен бүкіл әлемге ядролық қарудың зардабын көрсетуге бел будым.
Ғалым әрі миллионер Альфред Нобельдің атындағы сыйлық 1901 жылдан бері ғалымдар мен қоғам қайраткерлеріне табыс етіліп келеді. Оны былтыр бейбітшілік саласы бойынша Хуан Мануэль Сантос иеленген болатын. Колумбия президенті өз елінде ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан азамат соғысын тоқтатқаны үшін марапатталды.
-Ал ядролық қару жасауға тұңғыш рет АҚШ 1941 жылы арнайы қаражат бөліп, 1945 жылы тарихта бірінші рет сынақтан өткізіпті. Қазір Дүние жүзінде ядролық қару ұстап отырған 9 ел болса, соның ішінде Ресей мен АҚШ көш бастап тұр. Екеуінде де жойқын бомбалар саны 7 мыңнан кем түспейді. Халықаралық бейбітшілік ұйымдарының үндеуі нәтижесінде әлемдегі сол бомбалардың саны жыл сайын кеміп келеді. Бұл орайда Қазақстан басшысының да елеулі үлес қосып отырғаны сөзсіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!