{metadescription}
Қызылордада баспанасы қирап, далада қалғандарды шенеуніктер құлағалы тұрған басқа үйге орналастырған
Қызылордада баспанасы қирап, далада қалғандарды шенеуніктер құлағалы тұрған басқа үйге орналастырған

Қызылордада баспанасы қирап, далада қалғандарды шенеуніктер құлағалы тұрған басқа үйге орналастырған

Қираған үйден шығып, апатты үйге барды! Қызылордада үй құлап, жиырмаға жуық адам әзер дегенде аман қалды. Жұрт басқа барар жері болмаған соң тозығы жеткен осы үйде тұра берген екен. Ал жергілікті шенеуніктер қиранды астынан әупірімдеп шыққант үш отбасыны құлағалы тұрған басқа жатақханаға орналастырған.

Тапа-тал түсте үй астында қала жаздағандар түнде әлі тыныш ұйықтай алмай жүр. Бәрі бастапқыда жер сілкінісі деп ойлапты. Алайда сырттағы көршінің жанайқайын естіген бойда далаға қарай ытқып шыққан. 

Алтынкүл Бәкенова, Тасбөгет кентінің тұрғыны:

-Бір қабырғасы құлады. Бір терезе ұстап тұрды. Ол да қисайып бара жатты.

Райхан Баубекова, Тасбөгет кентінің тұрғыны:

-Бала-шағасымен 3 отбасыны алып шықты. 3 ай бұрын айтқанмын терезелері қозғалып тұр, ішінде балалары кіріп-шығып ойнап жүр. Бірақ нәтиже болған жоқ. Ақыраяғы осындай болды.

Үйіндінің астында бірталай адам қалып қоюы мүмкін еді. Қайта, біразы көшіп үлгерген екен. Тек шамасы жетпеген үш отбасы жанын шүберекке түйіп, осында отыра берген. Жаман үйден кете алмағандардың біріФарида Төлендиева. Қирандының астында қала жаздаған бұларды шенеуніктер енді құлағалы тұрған басқа жатақханаға орналастырыпты.       

Фарида Төлендиева, Тасбөгет кентінің тұрғыны:

-Бұл жақта да мүмкіншілік жоқ тұруға. Амал жоқ, тұрып жатырмыз.

Бірақ апатты болғанымен, бұл жаңа қоныстары әзір құламайды дейді қызылордалық атқамінерлер.

Ерлан Бердібаев, Қызылорда қалалық тұрғынүй- коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Ол апатты деп танылғанымен кезінде демеушілердің көмегімен біраз қаражат жұмсалды.  Тұруға жарайтын мықты үй. Бірақ апатты деген статусы бар, бірақ мықты үй, ол өте жақсы үй.

Осылай деп жұртты жұбатқандар тағы да апатты үйде тұруға мәжбүр болғандарды басқаша жарылқай қоймайтын сыңайлы. Ал тұрғындар баспана кезегі келгенше осы жатақханада жан бағуға мәжбүр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.