{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тікұшақ құлаған жердің суреттерін жариялады
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тікұшақ құлаған жердің суреттерін жариялады

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары тікұшақ құлаған жердің суреттерін жариялады

Оқиға орнында әлі де шұғыл штаб жұмыс жүргізуде. Олар апат себептерін анықтауы тиіс.

Аягөз қаласынан 60 шақырым жерде өткен сенбі күні жеке меншік тікұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ұшқыш сол жерде жан тәсілім етсе, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарақаты ауыр емес емес. Аягөз аудандық мәслихатының депутаты, жергілікті жанармай қоймасының басшысы Айтқали Ақбаев бүгін тіпті үйіне жіберілді. Ал Петр Устиновтің мәйіті сараптама жасалған соң Алматыға жөнелтілмек. Айта кетерлігі, құлаған тікұшақ түрлі лауазымды қызметтерде істеген Қайрат Тұрлыхановтың әйелі – Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі. Әуе кемесіне күрделі жөндеу бір апта бұрын ғана жасалып, 22-ші ақпан күні сынақтан да сәтті өтіпті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде