{metadescription}
 Сирияға сатылмақ болды делінген ұшақтарға қатысты жаңа дерек шықты
 Сирияға сатылмақ болды делінген ұшақтарға қатысты жаңа дерек шықты

Сирияға сатылмақ болды делінген ұшақтарға қатысты жаңа дерек шықты

Санкцияға қарамай, Сирияға сатпақшы болған! Қазақстанға тиесілі делініп, халықаралық дауға себеп болған ұшақтарға қатысты бүгін жаңа мәлімет айтылды. Сөйтсе, «Airbas 340» еліміздің Авиация комитетінде тіркелгенімен, негізгі иесі Біріккен араб әмірлігіндегі жеке компания екен. Құны 80 миллиард теңге тұратын әуе көліктері тіпті Қазақстан аумағына ешқашан кірмепті де. Десе де, басы дауға қалған Авиация комитетін қазір Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тексеріп жатыр.

-Азаматтық авиация комитетіндегілерден қазір маза кеткен. Тергеушілер бұл іске қатысы бар шенеуніктерден жауап алып, құжаттарды түгел тексеріп жатыр.

Ал екі бірдей Airbus 340 ұшағы басында Қазақстан азаматының атына  тіркелген екен. Авиация комитетінің әуе кемелерін мемлекеттік реестрға неліктен тіркегені енді көптің түсінбестігін туғызып отыр. Оның үстіне еліміздің нөмірі берілген Бойнгтар негізі, Біріккен араб әмірлігінің жеке компаниясына тиесілі болып шыққан. Кейбір ақпараттарға қарағанда, осы  жолаушылар тасымалына арналған Airbus 340 санцкия құрсауында отырған Сирияға сатылмақшы болыпты.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвеститциялар және даму министрі:

-Ұшақтар қазір Иран астанасы Теһран қаласында тұр. Олар қандай да бір үшінші мемлекетке жіберіледі деген әзірге ақпарат жоқ. Даудан кейін осы әуе кемелерін бірден тіркеуден тығарып тастадық. Қазір Сыртқы істер министрлігі мен құзырлы орындар бұл іспен айналысып жатыр.

Құны 80 миллиард теңге болатын осы ұшақтарды тіркеуге алған Азаматтық авиация комитетінде қазір ауқымды тексеріс жүріп жатыр. Тергеуді бас көлік прокуратурасымен Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро жүргізуде. Әзірге, авиация комитетінің заңды өрескел бұзғаны анықталған.

ҚР Бас көлік прокуратурасы:

-Азаматтық авиация комитеті Airbus 340 әуе кемелерін тіркеу кезінде заңды өрескел бұзған. Осы іс Бас көлік прокуратурасында тіркеліп, Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға тергеу жүргізуге жіберілген.

Әзірге істің анық-қанығы белгісіз. Халықаралық дауға себеп болған Авиация комитетіндегілердің кінәсі дәлелденсе, бұған қатысы бірталай лауазымды шенеунік шетінен тұтқындалуы мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде