{metadescription}
Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін екінші рет атап өтті
Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін екінші рет атап өтті

Бүгін Қазақстан халқы Алғыс айту күнін екінші рет атап өтті

Жалпыұлттық мейрам былтыр президент жарлығымен бекітілген болатын. Енді жыл смайын 1-ші наурызда еліміздегі өзге этнос өкілдері бір-біріне және қиын-қыстау кезеңде бауырына басқан қазақтарға рақмет айтады. Әрі ренжіскен адамдар бүгін татуласуы қажет.

Алғыс айту күнінің белгіленуі мына жайтқа байланысты болып отыр. Өткен ғасырда Сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болғандар қазақ жерінен пана тапты. Сол кезде қонақжай халқымыз жер аударылғандарды өзектен тепкен жоқ. Керісінше, олардың басына түскен ауытпалықты бірге көтерген. Оған 20-шы ғасырдың басында 6 миллион қазаққа тағы сонша жер аударылған өзге ұлт өкілдерінің қосылғаны дәлел. Армян, неміс, түрік, поляк, корей, грек, шешен, Қырым татарлары мен ингуштар жерімізде жаңа өмір бастады. Қазір Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Сол түрлі ұлт өкілдері бүгін қазақтарға алғыстарын жаудыруда. Кейбіреулер тілегін видеомен жолдаған. Солардың бірі – неміс видеоблогері Йоханнес Хаммершмидт. Ол атамекеніне қайтып барса да, Қазақстанды «екінші отаным» деп санайды екен.

Йоханнес  Хаммершмидт, Германия азаматы:

- Мен өзімді нағыз қазақ азаматы ретінде сезінемін. Өмір бойы Қазақстанды және қазақтарды қолдап өтемін. Бұл елді ешқашан ұмытпақ емеспін. Халқының бізге деген сыйластығы мен үлкенге құрмет көрсете білетін қасиетін естен шығару мүмкін емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде