{metadescription}
Алматы облысында ит атқыштар алты өлексені ауыл ортасындағы қоқыс арасына тастап кеткен
Алматы облысында ит атқыштар алты өлексені ауыл ортасындағы қоқыс арасына тастап кеткен

Алматы облысында ит атқыштар алты өлексені ауыл ортасындағы қоқыс арасына тастап кеткен

Қаңғыған иттің өлігі бүтін бір ауылға уайым болды. Алматы облысы Мыңбаев ауылында ит атқыштар алты бірдей өлексені ауыл ортасындағы қоқысқа тастап кеткен. Өлі мақұлықтар азуы ақсиып өткен аптадан бері жатыр екен. Оларды өртеп, не сыртқа апарып көміп тастайтын бір адам табылмапты. Қаңғыған иттердің мәселесін талқылау үшін әкімдікке жиылған тұрғындары бір-бірімен келіспей, ақыр соңы жанжалдасып тарқады.

Қоқыс арасында жатқан мына өлекселер өткен аптада ауылға келген ит атқыштардан қалған. Тісі ақсиған Ақтөс, Майлыаяқтардың мына жатысы осы маңнан өткендерге ерсі көрінеді. Кішкентайларға тіпті қорқынышты. Тұрғындар болса, өлекселерді осы қалпында тастап кеткен ит аулаушыларды айыптап отыр.

-Бұл біріншіден ауру таратуы мүмкін. Жатқандарына бірнеше күн болды. Қазір күн жылып, енді иістені бастады. Мыналардың көзін құрт деп екі күн бойы сұрадық. Ешкім мән бермеді.

Мыңбаев ауылында қаңғыбас иттер шынымен-ақ көп екен. Тек олар шәуілдеп тұра беретін жәй иттер емес. Қорадағы қойға түсіп, одан арысы адамдарға шауып, ауруханаға бір-ақ шығарып жатыр. Осы мәселе үшін әкімдікке жиылған ауыл тұрғындарының пікірі бір жерден шыға қоймады. Өйткені, араларынан қаңғыбас иттердің құқын қорғайтындар да табыла кетті. 

-Это в Европе, только не у нас. – В цивилизованной стране такого нету. – Это не Америка. Ты иди в свою страну откуда пришла.

Иттердің өлекселеріне қатысты айғайға ауыл әкімдігі де біраздан бері қанық. Бірақ, шенеуніктер бұл мәселенің басқа қырына бас қатырып әлек. Өйткені, қаңғыбас иттерді атқан арнайы мамандар емес екен. Қазір ауылдың инспекторы сол жұмбақ аңшыны іздеуге кірісіпті.

Зәмзәгүл Өтепова, Мыңбаев ауылы әкімінің орынбасары:

-Өлекселерді бүгін алып тастау керек болатын. Күл-қоқыс жинайтын жеке кәсіпкерлеріміз бар, сол кісілерге тапсырма берілген. Ал итттерді атқан басқа адамдар болып тұр. Оны енді полицейлер іздеп табатын шығар.

Осылайша Мыңбаев ауылында үй көрмейтін иттердің мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жергілікті басшылық өлекселердің бүгін-ертең тазартылады деп сендірді. Ал тұрғындар мен иттің құқын қорғаушылар арасындағы айғай әлі талай созылайын деп тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.