Маңғыстау облысында дала кезіп жүрген итбалықтар адасып кеткен болуы мүмкін
Бүгін өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары осындай мәлімдеме жасады.
Автор: Диас Нұрақын
01.03.2017
Өйткені, топырақ пен судан сынама алған экологтар ешқандай да қауіпті заттың анықталмағанын айтады. Сондықтан сүтқоректілер аналығынан адасып, теңізден алыстап кетуі мүмкін деп отыр. Өйткені итбалықтар дәл осы мезгілде көбейеді екен. Бірақ қазір Каспийдің бетін қалың мұз басып жатыр. Сондықтан жаңа туған итбалықтар су астына түсе алмай дала кезіп кетуі ықтимал - дейді мамандар. Бұдан бөлек су жануарларын айдалаға адамдардың өздері апарып тастауы мүмкін деген де болжам бар. Ал Каспийді тікұшақпен шарлап шыққан мамандар ешқандай да эколгиялық апат жоқ деп сендіруде.
Қуанғали Ашақов, Маңғыстау облысы бойынша орман шаруаршылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары:
-Ақпан айы итбалықтардың көбейетін Ата-бабамыз айтатын мұздың үстіне туады деп. Сол мұздың үстіне туып, анасы суға түсіп кеткен. Ал баласы қалып қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!