{metadescription}
Назарбаев Конституцияның 26-шы бабын өзгертуге қарсы шықты
Назарбаев Конституцияның 26-шы бабын өзгертуге қарсы шықты

Назарбаев Конституцияның 26-шы бабын өзгертуге қарсы шықты

Атышулы 26-шы бап өзгеріссіз қалатын болды. Қоғамның қарсылығынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның бұл тармағын сол ескі күйінде қалдыруды ұсынды. Сонымен қатар, президент Ата заңды да  референдумсыз, яғни, Парламент арқылы түзету туралы шешім қабылдады. Ал Елбасының 35 өкілеттігін Үкімет пен Парламентке бөліп беру үшін Конституциядағы 23 бапқа өзгеріс енгізілмек. Құжат санаулы күнде Парламентке жіберіледі.

Қазақстан президенттің бірқатар билігін Парламент пен Үкіметке бөліп беремін деген бастамасын қоғам бір ай бойы талқылап, сол қызу пікір талас бүгін тоқтады. Арнайы құрылған жұмыс тобы Ақордаға келген 6 мыңнан астам хатты жіті қарап шығыпты. Азаматтар елімізде өлім жазасын енгізу, судьялардың жасына қатысты шектеуді алып тастау, ал Мәжіліс депутаттарына сайлауға бір-ақ рет түсуге рұқсат беруді, тіпті, бірпалаталы Парламент құру туралы ұсыныстар жасаған.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР  Президент әкімшілігінің басшысы:

-Тұрғындар әсіресе, 26-шы бапты қызу талқылады. Жақтағандар да, қарсылық білдіргендер де бар. Бірақ, тұрғындардың көбі бұл бапты өзгеріссіз қалдыруды сұрап отыр.

Бұған дейін конституцияның 26-шы бабындағы «Қазақстан азаматы» сөзін  «әркім» деп жазып , кез-келген адам меншік иесі бола алады деген өзгеріс енгізу жайлы ұсыныс айтылған. Тұрғындардың жаппай қарсылығынан кейін Елбасы атышулы бапты өзгеріссіз, сол күйде қалдыруды ұйғарыпты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

--Всенародное обсуждение показало отсутствие в обществе мнения только по одному вопросу - статья 26. По этой статье проделана большая работа нашими юристами. Разъяснение было. Можно было провести и принять. Но понимаете, Конституция есть Конституция. (...) По Конституции должен быть консенсус - без сучка и задоринки. Основная масса должна поддержать - это Конституция. В связи с этим я предлагаю оставить 26 статью в старом виде - как она была.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қолындағы билігін Үкімет пен Парламентке бөліп беру үшін референдум жасаудың да қажеті жоқ деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  президенті:

-Негізгі саяси жүйеге аса өзгеріс енгізейік деп отырғанымыз жоқ. Істеліп жатқан жұмыстың барлығы елімізге, жұртымызға қажетті екінші дәрежелі мәселелер болғаннан кейін, жұрттың барлығын  дабыратпай Парламент арқылы Конституцияның талабы бойынша өткізуді дұрыс көрдім.

Сонымен, Президенттің бөліп беретін өкілеттігіне қатысты Конституциядағы 23 бапқа өзгеріс енгізілетін болды. Оған сай Елбасының қолындағы 35 түрлі билік Парламент пен Үкіметке өтеді. Енді депутаттар көңілінен шықпаған министрді отставкаға жіберу туралы Мемлекет басышысына ұсыныс жасай алады. Тіпті премьер өз командасын жасақтағанда да Парламентпен ақылдасуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Негізгі айта кететін мәселе, бұл жерде осының барлығы президенттің өкілеттігін басқа тармақтарға беру. Өздеріңіз білесіздер, басқа елдерде керісінше, президенттің өкілеттілігін жоғарылату үшін референдумдар өткізіп Конституцияға өзгерістер енгізіп жатады. Бізде керісінше.

Жалпы, Қазақстанның негізгі саяси моделі сақталады. Президенттік республика болып қала береді. Ал, тұрғындардан келген мыңдаған ұсыныстың барлығы Конституция енгізілмейді. Тек президент өкілеттігіне қатысты өзгеріс болады. Жаңа құжат жақын күндері Парламентке түсуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.