{metadescription}
Алматыда вокал байқауының жеңімпазы анықталды
Алматыда вокал байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда вокал байқауының жеңімпазы анықталды

Бүгін Алматыда Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова атындағы халықаралық вокал байқауы өз мәресіне жетті. Тұңғыш президент қорының қолдауымен өкізілген өнер додасына 200-ге тарта жас әнші қатысты.

Шараға Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстаннан да өнерпаздар шақыртылған. Музыка мектептері мен өнер колледждерінде оқитын жас әншілер «Домбырамен ән айту», «Академиялық вокал» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша сынға түсті. Бір аптаға созылған өнер додасының жеңімпаздары бүгін марапатталды. Бірақ байқау ұйымдастырушылары ешкімді де құр қол қайтарған жоқ. Болашақ әншілерге бағыт сілтейтін бұл байқау келер жылы да жалғасын таппақ.

Дінмұхаммед Көшкінбаев, байқау жеңімпазы:

- Мен бір айдай шамасында дайындалдым. Бірінші турда төрт шығарма орындадым. Екінші турда екі өлеңнен айттық. Гран-при иегері боламын деп күтпеппін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде