Павлодар жұрты Наурыз мейрамын биыл 40 күн тойламақ
Жергілікті атқамінерлер ауа-райының қолайсыздығына байланысты осындай шешімге келдік деп отыр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
02.03.2017
Мереке жылдағыдай 22-ші наурыз күні орталық алаңда аталып өтеді. Бірақ шағын көлемде ғана. Ал, ұлыстың ұлы күні өңірде ауа-райының құбылып, жұртты әбден мезі қылатынын айтқан шенеуніктер мерекені енді мамарға ысырмақшы. Яғни 60-қа жуық ақ шаңқан үй тігіліп, түрлі ұлттық ойындар ойнату шарасы 1-ші мамыр – Бірлік күнінде өтеді деп жоспарланып отыр. Әз Наурызды тойлауға биыл 12 миллион теңге бөлінген.
Самал Бегалинова, Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
-Солтүстік аймақ болғандықтан біздің өзіміздің табиғи ерекшелігіміз бар. Наурыз – ол көк шыққанда, күн жарқырап тұрғанда тойланады. Ал 22 наурызда бізде өкінішке қарай қар болады, аяз соғып тұрады. Соған орай мына әлеуметтік желіде жазылып жатыр ғой, халықтың пікірін ескере отырып, тек киіз үй мәселесін ғана 1 мамырға ауыстырып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!