{metadescription}
Петропавлда адамдарды алдап соққан банкир рақымшылыққа ілікті
Петропавлда адамдарды алдап соққан банкир рақымшылыққа ілікті

Петропавлда адамдарды алдап соққан банкир рақымшылыққа ілікті

Петропавл қалалық соты 52 адамды алдаған Ұлттық банктің экс-қызметкеріне қатысты үкімді өзгертті. 40 жастағы Аягүл Қасымова аңғал жұртқа арзан пәтер әперемін деп, 48 миллион теңгесін алдап алған. Осы қылмысы үшін ол былтыр жазда 6 жыл 8 айға сотталған болатын. Енді Қасымова рақымшылыққа ілігіп, қалған мерзімі екі есе қысқартылып отыр.    

Аягүл Қасымованың рақымшылыққа ілігуіне кәмелетке толмаған  екі баласы бар екені болуы себеп. 17 және 6 жастағы екі ұлы қазір әкелерімен тұрады екен. Енді екі жыл тоғыз айдан соң олар анасымен қауышуы тиіс. Ал Аягүл жазасын Петропавлдағы түзету мекемесінде өтеп жатыр. Ұлттық банктың Көкшетаудағы филиалының бұрынғы қызметкері «Темірбанктегі» танысымен ауыз жаласып, кепілдікте тұрған пәтерлерді сырттай сатқан. Алданғандардың арасында мемлекеттік бағдарлама бойынша кезектен тыс пәтер алғысы келгендер де бар. Бүгін сонау Көкшетаудан арнайы келген олардың біразы Қасымованың рақымшылыққа ілінгеніне риза еместігін айтты. 

Гүлсара Шаяхметова, жәбірленуші:

-Оның туған сіңлісі Бас прокуратурада қызмет етеді. Тағы бір әпкесі облыстық соттың судьясы. Әрине, олар туысына көмектесіп отыр. Біз тіпті 3 жыл бойы қылмыстық іс қозғата алмадық. Тек жәбірленушілер саны елуден асқанда зарымызға құлақ асты. Енді алаяқ  екі жылдан соң бостандыққа шығайын деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.