Қызылорда мен Қостанай облысында уақыт ауысуы мүмкін
Бүгін Сенатта осы аймақтарды батыс өңірімен бір сағаттық белдеуге көшіруді ұсынылды.
Автор: Жәудір Оразхан
02.03.2017
Қазір Қызылорда, Қостанай облыстарындағы сағат Астана уақытымен бірдей. Яғни, қос аймақ батыс өңірмен салыстырғанда, 1 сағат ілгері жүреді. Үкімет 2005 жылы осындай өзгеріс енгізген болатын. Бұған жергілікті тұрғындар он жылдан бері наразылық танытып келеді екен. Депутат Мұрат Бахтиярұлының айтуынша, өңірдегі географиялық белдеуге сәйкес қалыптасып қалған үйреншікті уақыт бұзылғалы - өңір халқының тұрмыс-тіршілігі, көңіл-күйі мен денсаулығына кері әсерін тигізіпті. Тіпті тұрғындар арасында ауру-сырқау да көбейіп кеткен. Әсіресе балалар зардап шегуде дейді сенатор.
Мұрат Бахтиярұлы, Сенат депутаты:
-Таңертең балабақшаға, мектепке баратын 250 мың бүлдіршіндер мен оқушылардың ұйқысынан табиғи уақыттан 1 сағат ерте тұруы, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, қала берді сабақ үлгеріміне кері әсер ететінін мұғалімдер де дәрігерлер де үнемі айтып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!