{metadescription}
 ЭКСПО аумағындағы көпірдің қирауына дәнекерлеушілердің салғырттығы себеп болған
 ЭКСПО аумағындағы көпірдің қирауына дәнекерлеушілердің салғырттығы себеп болған

ЭКСПО аумағындағы көпірдің қирауына дәнекерлеушілердің салғырттығы себеп болған

ЭКСПО аумағындағы қирап қалған көпірге қатысты жаңа дерек! Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін өткел,   дәнекерлеушілердің салғырттығынан опырылған деген мәлімдеме жасады. 

-Металл деп еді, металл дұрыс болған. Дәнекерлеушілер дұрыс істемеген.

Министрлік көпірді салуға пайдаланылған металды сараптамадан өткізіпті. Нәтижесінде, монтаждау жұмыстарын жүргізгенде құрылыс талаптары бұзылғаны анықталған. Бірақ, Ішкі істер министрінің бүгінгі мәлімдемесінен көпірді салған құрылыс компаниясы хабарсыз екен. Былтыр күзде халықаралық павильондардың оратсын байланыстырып тұрған өткел опырылған. Көпірдің құрылысына жауапты BI Group компаниясы апатты Қытайдың сапасыз металы мен нысанды жобалаушылардан көрген еді. 

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ өкілі:

-Алдын ала айтатын болсақ, монтаждау жұмыстарын жүргізгенде тиісті талаптар сақталмаған. Көпір соның салдарынан құлаған. Қазіргі уақытта құрылыс-техникалық сараптама жұмыстары жүргізілуде. Осы сараптаманың қорытындысы бойныша нақыт шешім қабылданатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде