{metadescription}
Бозымбаев қымбат бензинді қанағат тұтуға кеңес берді
Бозымбаев қымбат бензинді қанағат тұтуға кеңес берді

Бозымбаев қымбат бензинді қанағат тұтуға кеңес берді

Қымбат болса да, бар бензинге қанағат қылыңдар! Бүгін Энергетика министрі осындай тосын мәлімдеме жасады. Бозымбаевтың айтуынша, қолда бар алтынның қадірін білу керек.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Иә, бензиннің бағасы қымбат. Бірақ, жоқтан жақсы. Қымбат болса да жанармай бар. Тапшылық болса, сапа төмендейді, көліктің моторы бұзылады. Сондықтан отандық мұнай өңдеу зауыттары іске қосылғанша біз Ресейдің отынына тәуелдіміз.

Қазір елімізде жұрт жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин – 141-143, АИ-95 - 154, АИ-98 - 164 теңгеден сатылып жатыр. Егер Үкімет жанармайдың бағасын қатаң бақылауға алса, кәсіпкерлердің шығыны артып кетеді де,  сырттан бензин тасымалдауды тоқтатады екен. Салдарынан, ішкі нарықта  тапшылық болады дейді министр. Сондықтан осы бағаларға  да қанағат қылыңдар деп отыр. Бірақ, келесі жылы Шымкент, Павлодар мен Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттары іске қосылған да жанармай арзандамайды деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде