Теміртауда әйел затының дамуын көрсететін ерекше көрме ашылды
Әйелдер қауымы опа-далап жоқ кезде бетін ұн жағып әрлеген. Бұл туралы Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында ашылған көрмеден білуге болады. «Әйелдер эволюциясы» деп аталатын көрмеде қыз-келіншектерге қатысты дүниелердің екі ғасырдың ішінде қандай өзгеріске ұшырағаны суреттелген.
Автор: Саят Сабдалы
06.03.2017
Көрмеде күнделікті өмірде пайдаланатын тұрмыстық бұйымдар, киім-кешектер мен әшекейлер көнесінен бүгінге дейінгі экспонаттары қойылған. Жәдігерлердің барлығы жергілікті тұрғындардан жиналыпты. Мәселен, көрмеде шоқ үтіктен ток үтікке қалай жеткенімізді көруге болады. Ал бұған дейін бикештеріміздің опа-далаптың орнына бетіне ұн жаққанын біреу білсе, біреу білмес. Сәнді киім деген ілуде біреудің қолы жеткен құнды дүние болғаны да айтылды. Мұражайда сонау 1970-ші жылдары пайдаланылған шаш кептіргіш құралды да кездестіре аласыз. Мекеме қызметкерлері өткен ғасырларда тұрмыста да, сәнде де әйел заты біршама ауыртпалық сезінгені жастарға үлгі болсын дейді.
Татьяна Хмелева, мұражай қызметкері:
- Өткен ғасырда қандай опа-далаптың қолданылғаны немесе ағаштан жасалған үтікті қалай қолданғаны қызық қой. Бұл үтікті пайдаланған әйелдердің қандай бейнет көргенін мен де елестете алмаймын. Бірақ аналарымыздың басынан осындай заман өткен. Сондықтан көрменің танымдық маңызы зор.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!