Оралда жұртқа сальмонеллез жұқтырған дәмхана қожайыны айыппұлмен құтылды
Оралда бургер дайындайтын дәмхана қожайынына қатысты сот үкімі шықты. Былтыр сол жерден фастфуд жеген 29 адам астан уланып, ауруханаға түскен еді.
Автор: Диас Нұрақын
06.03.2017
Тексеріс кезінде дәмханадағы аспаздың сальмонеллезбен ауыратыны анықталған. Алайда сот алдында жұқпалы дертті таратушы емес, кәсіпкердің өзіне жауап беруіне тура келді. Судья, Нұрман Қабыкешовты айыпты деп танып, бір жылға бостандығын шектеді. Сондай-ақ, үш жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынған. Алайда ол рақымшылыққа ілігіп, жазадан толық құтылып кетті. Есесіне ірі көлемде айыппұл төлеуі тиіс.
Мағира Қитарова, судья:
-Негізгі жазадан Қабекешов босатылды. Негізгі жаза бас бостандығын шектеу жазасы. Сонымен қатар мемлекеттің кірісіне 2 миллион 138 мың 838 теңге өндірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!