{metadescription}
Өскеменде мейрамхана суға ағып кетті
Өскеменде мейрамхана суға ағып кетті

Өскеменде мейрамхана суға ағып кетті

Өскеменде мейрамхана суға ағып кетті. Өзен үстіне салынған ғимарат жағаға жалаң сыммен бекітілген екен. Онысы, ескіріп, үзіліп кетіпті. Қайта ішінде қызметшілер мен қонақтар болмаған. 

Ал арқаны үзілген баржа Ертіс өзенінің екінші жағасына жетпей, ортада қайраңдап қалды. Енді оны орнына қайтару үшін мейрамхана иесінің біраз шығындалуына тура келетін сыңайлы. Себебі, оған су көліктеріне қызмет көрсететін жеке компаниялардың көмегі қажет. Қайраңдағы баржаны жағаға тартып шығу да бір күннің шаруасы емес. Ал қала тұрғындары жағалаудың тазарып қалғанына қуанышты сияқты. 

- Менің ойымша, мейрамхана ары қарай жүзе беруі керек еді. Жағажай адамдардың демалыс орны болуы тиіс. Өзеннің тамаша көрінісі ғана қалып, мынандай нәрселердің көзі құрығаны жақсы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде