{metadescription}
ОҚО-да сәбиін сөмкеге тастай қашқан көкек ана іздестіріліп жатыр
ОҚО-да сәбиін сөмкеге тастай қашқан көкек ана іздестіріліп жатыр

ОҚО-да сәбиін сөмкеге тастай қашқан көкек ана іздестіріліп жатыр

Оңтүстік Қазақстанда баласын туа салып, сөмкеге тастай қашқан көкек ана іздестіріліп жатыр. Сұмдық жағдай Сайрам ауданында болған. Сәбиін туған соң ол кір шүберекке орап, қытайлық ала сөмке ішіне салған күйі далаға тастап кеткен.

Ақбұлақ ауылындағы мектептің тура іргесінде жатқан шақалақты сол мектептің кітапханашысы тауып алыпты. Көшеден өтіп бара жатқан әйел лас сөмке ішінен ыңырсыған нәрестенің даусын естіп, сөмкені көргенде естен тана жаздаған. Кіндігі кір матамен байлана салған қыз баланың аяқ-қолын уқалап, көмек көрсеткен соң дәрігерлерге берген. Қазір айы-күні жетіп туылған тастанды салқын тиіп ауруханада жатыр. Ал, бауыр еті баласын далаға қалдырып кеткен көкек ананың аты-жөні анықталуда. Айта кетейік, бұл – Оңтүстік Қазақстанда соңғы апта ішінде көшеден табылып отырған екінші тастанды. Ақпан айының соңында Шымкентте қоқыстың жанынан тағы бір қыз бала табылған. Оның анасының да кім екені әлі анықталған жоқ. 

Күлайша Файзуллаева, оқиға куәгері:

-Бір ала сумкаға салып қойған баланы андай барлық несімен жатыр ғой шаранасымен, жаңағы старый бір жаман тряпкіде орап тастаған бала кіндігімен. Аяқтарының бәрі жаурап қапты. Аяқтарын уқалап, неге тығып матаға. Матаға соған босандырған-ау әсті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде