{metadescription}
Елімізде діни мәселелерге қатысты талап, ережелер күшейеді
Елімізде діни мәселелерге қатысты талап, ережелер күшейеді

Елімізде діни мәселелерге қатысты талап, ережелер күшейеді

Елімізде діни мәселелерге қатысты талап, ережелер күшейеді. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Дін істер және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты Ақордаға шақырып, заңдарды қайта қарауды тапсырды.

Президент әсіресе, діни ұйымдардың жұмысына және экстремизммен күресу жолында атқарып жатқан шараларға ерекше көңіл бөлуді талап етті. Қазір елімізде 3 жарым мыңнан астам діни бірлестік бар екен. Елбасына жалпы діни ахуалға жайлы есеп берген Ермекбаев, Үкімет пен осы діни ұйымдар   арасында тығыз байланыс орнату үшін бірнеше жоспар әзірлеп отырғанын  айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Қазіргі қалыптасып отырған ахуалға байланысты осындай министрлік құрылды. Бұл министерствоға артатын үміт үлкен. Бұрын соңды бұндай министрлік болған жоқ. Дін басқарып отырған азаматтармен бірге жұмыс істеу керек. Азаматтық қоғам, жастардың шаруасы, барлығы тәлім-тәрбие мәселесі.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде