Астанада параны оңды-солды алған шенеуніктердің кезекті бір тобы тұтқындалды
Астанада параны оңды-солды алған шенеуніктердің кезекті бір тобы тұтқындалды! Бұл жолы Инвестиция және даму министрлігіне қарасты Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің басшысылары істі болып жатыр. Төраға Базарбай Нұрабаевты Ұлттық бюро 6 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолына кісен салған.
Автор: Досжан Маратұлы
06.03.2017
Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Нұрабаев бюджет ақшасын талан-таражға салу, пара алуды мықтып жоған қойған екен. Яғни, орынбасары, бөлім басшыларынан бастап, сыныптасына дейін 17 адамды жинап, қалта қампайтуға жүйелі түрде кірісіпті. Еліміздің қазба байлықтарын зерттеп, игеруге тендер ұтып беру үшін кәсіпкерлерден пара алған. Тіпті, Геология комитетінің басшылары құпия мәліметтерді пайдаланып, кенді жерлерді алдын ала сыбайластарының атына жаздырып отырған. Сөйтіп, кейін нарық бағасына саудалапты. Ауызбастырықты бұлар пәтерлей де, қымбат көліктей де алған дейді Ұлттық бюро тергеушілері. Қазір, Нұрабаев бастаған 17 сыбайлас Астанадағы тергеу қапасында жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!