{metadescription}
Оралда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап кетіп жатыр
Оралда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап кетіп жатыр

Оралда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары пәтерлерін тастап кетіп жатыр

Оралда көпқабатты үй тұрғындары жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені ескі ғимараттың қабырғасы опырылып, құлаудың шақ алдында тұр. Үйіндінің астында қалудан қорыққан елдің кейбірі баспаналарын тастап кетсе, көшуге шамасы келмегендер амалсыз қауіпті үйде тұруға мәжбүр.

44 жыл бұрын салынған мына үйдің төбесінен су ағып, қабырғасы да үгітіліп түсіп жатыр. Кірпіштер адамның басына да құлауы мүмкін. Сондықтан қауіптің алдын алу есебінде тұрғындар мынадай ескерту парағын іліп қойған. 

Валентина Страмоусова, Орал қаласының тұрғыны:

-Бізге жылда уәде береді. Бірақ, ешкім келіп жағдайымызды біліп жатқан жоқ. Біз қорқынышпен өмір сүріп жатырмыз. Төбеден су сорғалап, қабырғадағы кірпіштер уатылып түсе берсе, түбі үйіндінің астында қаламыз ғой. Соны неге ойламайды? 

Бұқара биліктен жермен-жексен болғалы тұрған үйге күрделі жөндеу жүргізуді талап етуде. Өздері бұл ұсынысты шенеуніктерге талай мәрте айтқан. Алайда оған ешкім мән бермеді дейді. Ал, ақжағалырдың өз уәждері бар. Айтуларынша, ескі нысанды тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуге кеңес берген. Бірақ, тұрғындар бас тартыпты.    

Радмир Жасенов, Орал қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы:

-Аталған бағдарламаның ең басты талаптарына сәйкес бұған қатысу үшін тұрғындардың көпшілігінің келісімі қажет. Сондықтан күрделі жөндеуді жүргізу- жүргізбеу тұрғындардың өздерінің қолдарында. Егер көпшілігі келісімдерін берсе, аталған бағдарлама бойынша күрделі жөндеу жүргізіледі.

Облыстық мәслихат депутаты Сергей Потиченко да жұрттың жайына әбден қанық. Ол былтыр сайлау алды үгіт-насихат жүргізгенде осындағы елге жәрдем етуге уәде еткен екен. Алайда, есегі судан өткесін ұмытты дейді тұрғындар. Халық қалаулысына иманындай сенген ел, ақша жинап құжаттарын да әзірлеп қойыпты. Бірақ, ол ұшты-күйлі жоғалған.  

Сергей Потиченко, БҚО Мәслихатының депутаты:

-Бәрі сіздер ойлағандай оңай емес. Қабырғаны тесіп, қайта жамау керек. Қазір күн суық, құрылысты бастай алмаймыз. Күн жылыса кірісеміз. Үйдің шатырын жөндеп беремін деп айта алмаймын, қабырғасын қалпына келтіреміз.

Халық қалаулысының айтқанына жұрттың сенуден басқа амалы жоқ. Бірақ, уәделі күн қашан болары әзірге белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.