Өскемен тұрғындары мереке қарсаңында ауыз сусыз қалды
Өскеменде дәл мереке қарсаңында құбыр жарылып, он көпқабатты үй ауыз сусыз қалды. Коммуналдық шаруашылық мамандары апаттың салдарын жойғанша, тұрғындарға су тасумен әлек болып жатыр.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
07.03.2017
Коммуналдық апат таңғы сағат төртте болған. Құбырдың қай жерден тесілгенін анықтау үшін бүтін бір ықшамауданды судан ажыратуға тура келіпті. Жер астынан шыққан су жақын маңдағы үйлердің аулалары мен жертөлелеріне толған. Ал түнде өңірде минус 20 градус болып, ауладағы көліктерді мұз құрсауында қалды. Темір тұпралары «тұсауланған» жұрт жұмыстарына да кешігіпті. Бұл ықшамауданда құбырлар отыз жылға жуық жөндеу көрмеген екен. Мамандар оның салдарын тек ертең, яғни мереке күні түске таяу ғана жоямыз деп отыр. Қазір көптеген үйлерге су қосалқы желілерден беріліп жатыр. Ал екі үйде тіршілікі нәрі әлі жоқ.
Сергей Шульга, «Өскемен су арнасы» МКК аға шебері:
-Тұрғындарға суды тасымалдап жеткізіп жатырмыз. Құбырды ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Ертең түске дейін бұл шаруаны бітіруіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!