Семейде суға кеткен оқушы әлі табылмай жатыр
Семейде суға кеткен 4-ші сынып оқушысы әлі табылмай жатыр. 2 күн бұрын Ертісте мұз жарылып, жеткіншек өзенге түсіп кеткен. Жергілікті құтқарушылар содан бері суды қанша сүзгенімен, 10 жастағы баланың денесі табылатын емес. Ал іздеумен айналысып жатқан төтеншеліктердің жұмысына еріктілер наразы.
Автор: Ұлан Нұрахмет
07.03.2017
Мұрат Жұмағазинов, Семей қаласының тұрғыны:
-Бірінші жағасын қардан тазалау керек қой. Ал бұлардың бітіріп жатқан түгі жоқ. Сүңгірулерді де суға түсірмейді. Құр мұз ойғаннан не пайда?
Данил Похоровтың денесін іздеп жатқан құтарушыларға бүгін 20-ға жуық сыныптастарының ата-анасы көмекке келген. Алайда, төтеншеліктер белсенділердің бұл әрекетін құп көрмеді. Тіпті оларды өзен жағасына жолатапау үшін полиция шақырған. Ал сүңгуірлерді суға түсірмей жатқанын ағынның аса қаттылығымен түсіндірді. Оның үстіне өзеннің бетін көк мұз басып қалған. Сондықтан оны ойып, арқанмен түскен сүңгірулердің өзі артқа қайтып, шыға алмай қалатын көрінеді.
Ринат Мұхтаров, Семей қалалық судан құтқару қызыметінің бас құтқарушысы:
-Белсенділерді жібермей отырған себебіміз, бұл өте қауіпті. Кей жерлерде мұз жұқарып кеткен. Оның, қалындығы 5- 15 см аралығында. Қауіпсіздік сақталмаса батып кетеді. Мұны түсінбей отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!