{metadescription}
Мұхтар Әблязовтың ісі сотқа жіберілді
Мұхтар Әблязовтың ісі сотқа жіберілді

Мұхтар Әблязовтың ісі сотқа жіберілді

Қазақстан Мұхтар Әблязовты сырттай соттамақ. Прокурорлар қашқын банкирге қатысты істі сотқа жіберді. Мемлекет тіпті адвокат та жалдап қойған екен. Тергеу материалдарының қорытындысы соған табысталды.  

ҚР Бас прокуратурасы:

-Мұхтар Әблязов Қазақстанға келуден бас тартып отыр. Сондықтан оған қатысты іс сотқа жіберілді. Еліміздің заңына сай, айыпталушы басқа мемлекетте болып, сот алдында жауап беруден қашса, оның қатысуынсыз сот процесін өткізуге болады.

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Әблязовты ақпан айында шетелдік және отандық баспасөз арқылы екі рет тергеуге шақырғанын айта кетейік. Бірақ, олигарх оны  елеген де жоқ. Енді қашқын банкирдің сотқа да келмейтіні анық. Естеріңізге салсақ, Әблязовқа қатысты қылмыстық топ құрды және БТА банкі салымшыларының ақшасын жымқырды деген айыптар тағылған. Әблязовтың тіпті, азаматтардың зейнетақы қорындағы қаржысына да қол салғаны айтылды. Сөйтіп, жалпы 7 жарым миллиард долларды оффшорлық компаниялары арқылы жымқырған. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро атышулы олигархтың ісін 8 жылға жуық тергеп, 2 мың 224 том материал жинапты. Күдіктілер қатарында БТА банкте Әблязовтің қарамағында істеген 3 топ-менеджер де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде