Алматыға апатты жағдайда қонған ұшақтың бір жақ қозғалтқышы істен шыққан
Жолаушы толы ұшақ Алматыға апатты жағдайда қонды. «Эйр Астана» компаниясының Астана – Алматы бағытындағы әуе кемесінің кенеттен сол жақ қозғалтқышы істен шыққан.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.03.2017
Әуеде келе жатқан Боинг 757-200 ұшағынан ақау шыққан соң ұшқыштар уақыт созбай шұғыл қонуға рұқсат сұрапты. Сөйтіп, Алматы әуежайына аман-есен қонды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Ұшақ бортындағы 69 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі дін аман. Бұл оқиғаға байланысты қазір әуе компаниясы тексеру жүргізіп жатыр. Айта кетейік, екі күн бұрын осы компанияның Алматыдан Оралға бет алған ұшағы да шұғыл түрде Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған еді. Оның да қозғалтқышынан ақау шыққан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!