{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев бақытты отбасы құрудың құпиясымен бөлісті
Нұрсұлтан Назарбаев бақытты отбасы құрудың құпиясымен бөлісті

Нұрсұлтан Назарбаев бақытты отбасы құрудың құпиясымен бөлісті

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін мереке қарсаңында еліміздегі ең сұлу, талантты да таңдаулы қыз-келіншектерді жинап, Ақордада алқалы жиын өткізді. Президент нағыз ер-азаматқан тән жомарттық танытты, қалжыңнан қағытып, арулардың көңілін көтеруге барынша тырысты. Қыздар да қарап қалған жоқ. Ән салды, шабыттары ашылып өлең оқыды, өмір, махаббат жайлы ашылып әңгімелесті. Ақордадан арқаланып шыққан қыз-келіншектерді тілшіміз Жәудір Оразхан да құттықтап келді.

Әдетте тек саяси кездесулер өтетін Ақорда жыл сайын 8-ші наурыз қарсаңында гүлденіп, президенттің резиденциясы бір сәтке сұлулық сарайына айналады. Дәстүр бойныша бүгін еліміздегі ең таңдаулы қыздар Елбасымен кездесуге келді. Нұрсұлтан Назарбаев жылда қыздарды жалғыз өзі құттықтайтын. Бұл жолы жанына Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековті ертіпті.

Мерекелік кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен тотыдай таранған 17 сұлу Ақордаға жетіпті. Президент ең алдымен олардың қоғамдағы рөліне көңіл бөлді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Елімізде еңбек ететін азаматтардың тең жартысынан көбі қыз-келіншектер. Әйелдер үкімет құрамында да, парламент қабырғасында, әкімдіктерде көптеген табысты қызмет жасауда. Білім беру саласында 65 пайыз, денсаулық сақтау саласында 75 пайыз, мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызы әйел. Қарап отырсаңыздар, елді басқаратын да, емдейтін де әйелдер.

Осылайша, әйелдердің ерен еңбегіне жоғары баға берген Назарбаев бақытты отбасын құрудың құпиясымен де бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Тату үйде тақсырет болмайды дейді. Ер-азаматтар ашуланса, сабырға, араздасса, пәтуаға шақырып, елді берекелі ету сіздерге байланысты.

Президенттің бұл сөзінен кейін толқып отырған қыз-келіншектердің көңілдері шаттанып шыға келді. Бірінен кейін бірінің шабыты оянып, Елбасына арнап өлең оқыды.

-Арманды сол бір тілегін, Ақиқат қылған жолдасын. Қазақтың әрбір жүрегін тәуелсіз қылған Елбасым, Алып та туар анадан, Тәмсілді осы ойға алдым, Елбасын туған дарадан, Анадан сіздің айналдым.

Жалпы, президентпен кездесуге келген қыз-келіншектердің осалы жоқ. Отбасымен қоса кәсіпті, қызмет пен өнерді бірге алып жүрген шетінен іскер, талантты, табысты жандар. Мереке қарсаңында Ақордаға шақыру алғандардың қатарында министр, әкім, кәсіпкер, ғалым, әскери, спортшы мен әншілер де бар. Ал Шығыс Қазақстан облысынан келген Оксана Мұқашеваға  президент ерекше сый дайындапты. 7 құрсақ көтерген 38 жастағы көпбалалы анаға Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен «Алтын алқа»  тақты.

Президент қыздарды құр қол жібермеді. Сұлулардың құшақтары  гүлге толып,  Ақордадан алқалы болып шықты. Ал арулардың Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден алған әсерлерін сөзбен айтып жеткізе алмайтын халде. Қатты толқып жүр.

Римма Рамазанова, ҚР ҚМ Парашют даярлығы орталығының маманы: 

-Президентпен кездесудің өте әсерлі болатын енді түсіндім. Парашюттен секіргенене де қатты толқыдым. Тіпті қуаныштан көзіме жас алдым.

Дәл осындай ерекше көңіл толқынымен тарасқан сұлулар Елбасымен өткен екі сағатты енді біраз  уақытқа дейін естен шығара алмай, Ақордадан алған әсерлерін әлі апталап айтып жүрері анық. Ал президент еліміздегі батыр ана, табысты, талантты қыз-келіншектер туралы кітап жазуды  ұсынды. Нәзік жандыларға арналған туындының  келесі жылы 8-наурызда тұсауын  кесетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.