{metadescription}
Мәскеуде жұмбақ жағдайға қаза тапқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты
Мәскеуде жұмбақ жағдайға қаза тапқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты

Мәскеуде жұмбақ жағдайға қаза тапқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты

Мәскеуде жұмбақ жағдайға қаза тапқандар Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. 20 жастағы Алексей Баркалов пен 34-тегі Виктор Москалев. Марқұмдардың сүйегін туыстары елге өз күшімен әзер жеткізген.

Екеуі де Ресейге жүкші болып, күнкөріс қамымен барған екен. Көше бойындағы «Газельдің» ішінен табылған Алексей мен Викторды, полицейлер уланып өлді деп болжап отыр. Өйткені, денелерінде ешқандай зорлық белгілері жоқ. Дегенмен, сот-медициналық сараптама нәтижесі тек 1 айдан кейін белгілі болады екен. Ал ұлдарын елге өз күшімен әкелген жақындары, Мәскеуде не елшіліктен, не Сыртқы істер министрлігінен еш көмек көрмегенін айтып налыды.

Руслан Баркалов, Алексейдің әкесі:

-Менің ұлыма Виктор ұсыныс білдірді. Мәскеуге жүк апарып, қайтып келетіндерін айтты. Ал, Алексей бірден келісті. Өйткені, мерекеде анасына сыйлық алу үшін ақша жинағысы келді. Соңғы рет сөйлескенімде ол Мәскеуге барғанына өкінетінін де айтқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.