Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді «SMS» хабарлама жібереді
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұртпен ұялы телефон арқылы хат алыспақ. Енді азаматтардың рәсімдеуге қалдырған құжаты дайын болғанда орталық әркімнің жеке телефлонына смс жіберіп отырады. Жаңа қызмет түрі қазір сынақтан өтуде.
Автор: Жәудір Оразхан
09.03.2017
Ерлан Шөренов, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы дирекция директорының орынбасары:
-Бұл қызмет алушыларға өте ыңғайлы деп ойлаймыз. Өйткені, дайын құжат алу үшін жаңылсып, Халыққа қызмет көрстеу орталықтарына басқа уақытта келмеу үшін смс арқылы қашан келіп, қашан құжатын алып кету үшін ыңғайлы деп есептейміз.
Яғни, жұрт ең алдымен уақытын үнемдейді. Үйде отырып-ақ, орталыққа қалдырған құжаты жайында хабар алуына болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары алғашқы бірнеше клиентке смс жіберіп те үлгеріпті. Сондай-ақ, дәл осы жүйе арқылы тұрғындар орталықтағы қызметкерлердің жұмысына баға беріп, шағымдана да алады. Ал хат аламасу тегін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!