{metadescription}
Кәсіпкерлер азық-түлік бағасының қымбаттауына алыпсатарларды кінәладі
Кәсіпкерлер азық-түлік бағасының қымбаттауына алыпсатарларды кінәладі

Кәсіпкерлер азық-түлік бағасының қымбаттауына алыпсатарларды кінәладі

Азық-түлік бағасының аспандауына доллар мен бензиннің қатысы шамалы! Сауда орындарына ет пен сүтін, көкөнісін тасып жүрген шаруалар бағаның еселеп өсуін алыпсатарлардан көріп отыр. Өйткені, өздерін базар маңына да жуытпайды. Сондықтан, солардың айтқан ақшасына келісуге мүжбүр. Ал, шаруалардың өткізіп кеткен өнімдері сол сәттен-ақ еселенген бағамен саудаланады.

Мәлік Құсайынов Ақтөбе облысын қиярмен қамтамасыз етіп отыр. Артылғанын Ресейге сатады. Базардағы қымбат бағаны негізсіз дейді ол. Өйткені, жылыжайдан 550 теңгеге жібергені, жұртқа екі есе қымбат боп жетіп жатыр.   

Мәлік Құсайынов, жылыжай иесі:

-Өкінішке орай, базардағы бағаны белгілей алмаймыз. Саудагерлерге «былай сат» деп те айта алмаймыз. Біздің тараптан қымбаттату деген жоқ. Ол арадағы алыпсатарлардардың әрекеті.

Кәсіпкер қиярдың бағасын бір рет те өзгертпепті. Айтуынша, өздері жылыжайдан тікелей дүкендерге жеткізгісі келеді. Тек арадағы делдалдар жолатпай жүр екен. Салдарынан көкөніс талай көтерме саудадан өтіп, халыққа құны қой етімен бірдей боп жетуде.

Мира Көпешова, сатушы:

-Халық бәрі наразы неге қымбат огурцы деп? Мен алып тұрған ценама қайтадан даже сата алмай тұрмын. Оптовиктер деп ойлаймын. Мен себебі теплицаға барып алған жоқпын. Теполицадан бізге әкелген жоқ. Мен 41-ші оптовый рыноктан барып алдым.

Алыпсатарлардың кесірінен, көкөніс қана емес, азық-түліктің кез-келген түрі қымбаттап жатыр. Өйткені, ауылдағы шаруа қаладағы базар маңына жолай алмайды. Амал жоқ, саудагерлердің қайған бағасымен өнімін тапсырып кетуге мәжбүр. Сөйтіп, өткізген ет-сүті, қияр-қызанақтары кемі екі есе бағамен дүкен сөрелеріне түсіп жатыр.

Ақшабай Керімбеков, Алматы облыстық шаруалар одағының төрағасы:

-Тиянақты күрес жоқ екеніне налисың кейде. Күрес жоқ! Алыпсатар деген қазір әбден түсініп алған процесті олар күндіз-түні ұйықтамайды. Оны прям сол қорасына или полясына барып, сол жерден арзан бағамен алып кетеді.

Тек баға емес, азық-түліктің сапасы да қазір алаңдатарлық. Тамақтан теңге тауып жүргендер түрлі қоспалар пайдаланады. Ал онысын, бәрі бірдей сыртына жазып жатқан жоқ.     

Артық Сейтқалиева, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті:

-Етті жеген кезде, мен өзім технологпын, дәмі кейде өзгеше боп шығады. Ал енді тексеруге оны беру үшін етті 2 мың теңгеге сатып алсаңыз, зертханаға 10-15 мың теңге төлеуің керек. Толық анализін жасайтын болсаң, онда 30 мың теңгеге де баруы мүмкін.

Сондықтан да көп адамдар тағамның сапасына шағымданбай, қолды бір сілтейді. Мамандар тіпті кәдімгі сары майдың орнына спредтің сатылып жатқанын айтады. Қулығын асырғандар сұйық майдан да пайдаға кенеліп жатыр. Мәселен, 5 литрлік майдың ең дұрыс дегенінің өзі 300 граммға кем.Ал ол үшін жауап беріп жатқан ешкім жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде