{metadescription}
Қарағандыда ұлының қолынан қаза тапқан әйел туралы көршілері айтып берді
Қарағандыда ұлының қолынан қаза тапқан әйел туралы көршілері айтып берді

Қарағандыда ұлының қолынан қаза тапқан әйел туралы көршілері айтып берді

Қарағандыда әйелдер мерекесі күні 33 жастағы қала тұрғыны анасын пышақтап өлтірді. Іле-шала өзі де 5 қабаттан секіріп, қаза тапқан.

Оқиға мына үйде, кешкі сағат 9-дар шамасында болыпты. Пәтердегі айқай-шуды естіген көршілері полиция шақыртқан екен. Алайда есікті ішінен ешкім ашпаған. Тәртіп сақшылары есікті бұзып жатқанда, үйдегі 33 жастағы азамат балконнан секіріп жан тапсырыпты. Полиция үйден 58 жастағы Дариға Жұманбаеваның денесін тапқан. Көршілерінің айтуынша, 3 баланың анасы пәтерде ортаншы және кіші ұлымен бірге тұрған екен. Ал шешесін өлтіріп, артынан өзін өлімге қиған – ортаншысы. Көршілері марқұм әйелді ашық мінезді, ешкіммен сөзге келмейтін жан болатын деп сипаттайды.

Елена Котельникова, көршісі :

-Дүкенде бірге істегенбіз. Кеше сағат алтыға қарай жұмыста мерекені атап өтіп тарқасқанбыз. Өте жақсы адам еді. Отбасы туралы тіс жармайтын.  Кішісі колледжде оқиды. Ортаншы ұлының мінезі шайпау екенін еститінмін. Бірақ мұндайға барады деп ойламаппын

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.