{metadescription}
Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты жаңа дерек
Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты жаңа дерек

Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты жаңа дерек

Тұңғышбай Жаманқұлов тағы сөзінен тайқып шықты. Бюджеттің 69 миллион теңгесін жеді деген атақты актер өзіне тағылған айыпты басында мойындап, енді онымен келіспеймін деп отыр. 

Бүгінгі сотта Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған 9 адамға қатысты айыптау қорытындысы оқылды. Онда сол күйі түсірілмей қалған «Феникс» фильміне бөлінген қаржының қалай ұрлағаны бүге-шігесіне дейін қамтылған. Прокурордың айтуынша, Жаманқұлов ақшаның басым бөлігін жалған келісім-шарттар жасап, жекелеген компаниялар арқылы жымқырыпты. 69 миллион теңгені қалтасына басқанын Жаманқұловтың өзі де бұған дейін мойындаған болатын. Тіпті 6 миллионын мемлекетке қайтарып беріп, қалған бөлігін де өтеуге уәде еткен. Алайда аяқасты сөзінен айныған Қазақстанның халық әртісі бүгін өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді. Бірақ Жаманқұловтың өзі де, адвокаттары да әзірге бұған қатысты түсініктеме беруден бас тартып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде