Ақтөбе облысында аударылған жүк пойызының кесірінен жүздеген жолаушы жолдан қалды
Ақтөбе облысында жүк пойызы аударылды. Рельстен шығып кеткен вагондар бір-біріне мінгесіп қалған. Машинист аман. Қазір апат себептері анықталуда.
Автор: Жаңалық Ахаш
09.03.2017
Қарауылкелді ауылының маңында төңкеріліп жатқан бұл тіркеме таң ата Мақат бекетінен шыққан. 11 бос вагон Ақтөбеге жеткізілуі керек болыпты. Тиелген жүк болмағандықтан шойын жолды тазарту жұмысшыларға қиынға соғып жатқан жоқ. Ал рельстің шұғыл жөнделуін жолынан қалған жүзден аса жолаушы асыға тосып отыр. Өйткені Маңғыстау мен Атырауға бет алған пойыздар Шұбарқұдық кентінде күні бойы аялдауға мәжбүр. Ал автобуспен тасуға жол жайсыз. Сондықтан теміржолшылар апат кесірінен тоқтап тұрған жолаушылар пойызын түн жарымына дейін жолға шығады деп сендірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!