Шымкентте атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты
Шымкентте атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты. Тағы екеуі хал үстінде жатыр. Қанды оқиға бірер сағат бұрын ғана қылмыспен аты шыққан Ворошиловка ауылында болды.
Автор: Бек Әбиев
09.03.2017
Атыс мешіттің жанында болғандықтан, полицейлер сондағы кезметкерлерден де жауап алып жатыр. Оқиға орнын арнайы жасақ қоршауға алып, маңайдағы аулалар да түгел тексерілуде. Куәгерлердің сөзінше көз жұмған баланың жасы небәрі 14-те екен. Ал, көкірек тұсы мен жамбасынан оқ тиген екеудің өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Әзірге, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаментіндегілер атыстың себебі мен кінәлілер туралы жақ ашпаса да, Ворошиловка ауылында қылмыстың алдын-алу жұмыстары ақсап тұрғанын ашық мойындап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!